00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

ҚазАвтоЖол қызметкері жұмыс барысында қаза тапты

13.02.2024 | 10:37
57
Фото: дереккөзден

Қайғылы оқиға Самара-Шымкент автожолының 1285 шақырымында болған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан тікелей қызметтік міндетін орындау кезінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Сыдықов қаза тапты. 

Оқиға «Самара-Шымкент» автожолы бойында Қызылорда облысы,  Арал ауданы, Сазды ауылы маңында болған. Қатты жылдамдықпен келген Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан, сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған. Жол апаты салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырды, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.   

Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда 6 жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде танытты. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жары қалды. 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  марқұмның артында қалған отбасына компания тарапынан барлық қажетті қаржылық қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. 

Барлық жаңалықтар