00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Атырауда бөгеттегі құм толы қапшықтарды ұрлағандар ұсталды

19.04.2024 | 17:44
58
ұрлық
Фото: police_atyrau

Атырау қаласында Жайық өзенінің бойына құм толы қапшықтардан тұрғызылған бөгетті бұзып, қапшықтарды ұрлаған адамдар анықталды, деп хабарлады Elorda.info Атырау қалалық полициясына сілтеме жасап. 

Полиция дерегінше, оқиға кеше, 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болған. 

Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ашық түрде жымқырғандар анықталып ұсталды. 42, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел адам алдын ала ақылдасып құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған, – делінген Атырау қалалық полициясының хабарламасында. 

Барлық жаңалықтар