00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Астанадан оңтүстік өңірлерге қосымша пойыздар қатынайды

25.06.2024 | 13:31
Олжас Сүлейменов
88
Астанадан оңтүстік өңірлерге қосымша пойыздар қатынайды
Фото: дереккөз

№204/203 Астана - Шымкент және №202/201 Астана - Алматы бағыттары бойынша пойыздар жаздың соңына дейін күн сайын жүреді, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған шаралар жолаушылардың жаз маусымындағы сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік беріп отыр.

Осы ретте еліміздің көлік саласына жауапты министрлігі жол сапарларын алдын ала жоспарлауға және билеттерді алдын ала сатып алуға шақырады. Жол жүру билеттері болмаған жағдайда жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ сайтындағы немесе билет кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.

Қосымша ақпарат 1433 тегін нөмірі бойынша, сондай-ақ @jolaushylar_tasymaly Instagram-аккаунтында қолжетімді.

Барлық жаңалықтар