00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада ботаникалық саябақта алма ағаштары отырғызылды

19.04.2024 | 14:00
63
Астанада ботаникалық саябақта алма ағаштары отырғызылды
Фото: Сұлтан Сейітов

Бүгін елордадағы ботаникалық саябақта «Түлектер аллеясы» ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Соған орай Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары ағаштар отырғызды.

Қаланы көгалдандыру өте маңызды іс-шара деп есептеймін. Мұндай акциядлаға жиі қатысып тұрамын. Саябақ маңы жылдан-жылға көркейіп келеді. Астаналықтар жиі келетін әдемі орынға айналуда. Біз оны әрі қарай күтіп ұстауымыз қажет, - деді 11 сынып оқушысы Нұрай Кеңес.

Экоакцияға оқушылардан бөлек, ұстаздар мен ата-аналар да ат салысуда.

Мұндағы мақсат – мектеп түлектерінің бойында экомәдениеттілікті қалыптастыру. Бүгін –тарихи күн. Өйткені қаладағы ботаникалық саябақта алғаш рет 2023-2024 жылғы «Түлектер аллеясы» ашылып жатыр. 30 шақты алма ағашын отырғызып жатырмыз. Әлемдегі дамыған елдердің 80 пайызы ағаштармен безендірілген. Бұл қаланың көркеюіне, әсемденуіне, ары қарай дамуына үлес қосуда. Таза қоршаған орта, таза ауа – біздің болашақтың дені сау, тәні сау, санасы таза ұрпақтың қалыптасуына және өсуіне әсер ететін фактор. Сол үшін бұл акцияны жалғастыру керек деп ойлаймын, - деді Кәрім Мыңбаев атындағы 59 мектеп-лицейінің  11 сынып жетекшісі Нұрбек Ерікұлы.

Барлық жаңалықтар