00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

05.10.2023 | 14:00
36
Фото: Туризм және спорт министрлігінен

Қамшыбек Қоңқабаев Ханчжоуда өткен Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Бокстан аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған 31 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев финалдық айқаста Токио Олимпиадасының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы Бахадүр Жалоловпен кездесіп, 0:4 есебімен есе жіберді. 

Жалпы ерлеріміз 7 салмақта жүлдеге таласып, 1 күміс, 1 қоламен жарысты аяқтады. 

ӘР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІ: 

1994 жыл. Жапония 2 алтын, 1 күміс, 2 қола. 

1998 жыл. Тайланд 3 алтын, 1 күміс, 1 қола. 

2002 жыл. Оңтүстік Корея 2 алтын, 3 күміс, 2 қола. 

2006 жыл. Қатар 1 алтын, 2 күміс, 3 қола. 

2010 жыл. Қытай 2 алтын, 2 күміс, 2 қола. 

2014 жыл. Оңтүстік Корея 6 алтын, 2 күміс, 2 қола. 

2018 жыл. Индонезия 2 күміс. 

2023 жыл. Қытай 1 күміс, 1 қола.

Барлық жаңалықтар