00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Абай университетінің 200 студенті елордада өндірістік тәжірибеден өтеді

05.03.2024 | 06:36
44
фото: www.gov.kz

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде Астана қаласында өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттермен кездесу өтті. Кездесуге министр Саясат Нұрбек, Еуразиялық ұлттық университеті мен Абай университетінің ректорлары, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, оқу орындарының басшылары қатысты.
Саясат Нұрбек 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына, кадрлармен қамтамасыз ету, педагогикалық білім беру мәселелеріне, ведомство жобаларына егжей-тегжейлі тоқталды. Министр практикадан өтуге келген студенттерге шынайы тілегін айтып, қолдау сөздерін арнады. Сондай-ақ жастардың өздеріне артылған жауапты міндетті лайықты атқаратынына сенім білдірді.
 

Бүгінде Астанада педагог кадрлардың тапшылығы байқалады. Жыл сайын елордада ондаған мектеп пайдалануға беріледі, бұл мұғалімдерге деген қажеттілік те артып келе жатқанын білдіреді. Студенттеріміздің бүгінгі маңызды қадамы осы мәселені шешуге көмектеседі. Жалпы, педагог кадрларды даярлау - Министрліктің назар аударатын басты бағыттардың бірі. Жаңа формациядағы педагог кадрларын даярлауға және қайта даярлауға ерекше назар аударылады. Сондықтан сіздерге тек сәттілік тілеймін. Елорда әрқашан сіздерді күтеді, құрметті студенттер. Біз сіздерді көруге әрқашан қуаныштымыз және көмектесуге дайынбыз, - деді ведомство басшысы.

Кездесу аясында екі университет арасында меморандумға қол қойылды. Биылғы жылы Абай атындағы ҚазҰПУ мен Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Астана үшін педагогтарды даярлау бойынша бірлескен бағдарламаларды іске қосуды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, мектептерді жаңа формациядағы педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен Абай университетінің 181 студенті еліміздің бас қаласындағы 32 білім беру ұйымдарына өндірістік практикаға жіберілген болатын.
 

Барлық жаңалықтар