00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Ақтауда заңсыз салынған 28 нысан сүрілетін болды

22.11.2023 | 11:15
80
Фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласындағы құрылыс қарқыны аясында жекелеген құрылыс салушылар рұқсат құжаттамасын алмай құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген, деп хабарлады Elorda.info.

Маңғыстау облысының прокуратурасының хабарлауынша жалпы, 2022 жылдан бері қадағалау шаралары кезінде 120 заңсыз салынған нысан анықталған. Осыған қатысты құрылыс салушыларға 90 млн. теңге айыппұл салынған.  

Алайда, құрылысшылар ескертулерді елемей, заңсыздықтарды жоймаған. Бұл күнде сот заңсыз құрылыстарды бұзу бойынша 28 шешім шығарды.

Оның ішінде соттың санкциясымен 3 нысан, атап айтқанда Приморский елді мекенінде таунхаус және №9 өндірістік аймақтағы коммерциялық және тұрғын үй кешені бұзылды. Бұл нысандар бойынша құрылыс жүргізуге рұқсат парақтары мен жобалау-сметалық құжаттама болмағаны анықталды,- деп жазды дереккөз.

Құқық қорғау орындары азаматтарды рұқсат құжаттарын ресімдемеген құрылыс компанияларына қаражат салмауға шақырды.   

Барлық жаңалықтар