00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елімізде 12 қаржы пирамидасына қатысты іс қозғалды

01.04.2023 | 01:02
Елорда ақпарат
34

Жыл басынан бері елімізде 12 қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алаяқтар 7300 адамды алдап соғып, 600 млн теңгедей қаржыны қалтаға басқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы Өмірсерік Тәжмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, зардап шеккен салымшылар құқық қорғау органдарына неғұрлым тез жүгінсе, залалды өтеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

2020 жылы шығынның тек 1%-ін өтеуге болатын, қазір 1,5 есеге дейін өндіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Интернет-ресурстарды да тексеру бойынша Telegram-бот іске қосылды. Енді агенттік мамандары сайттар мен әлеуметтік желілерді Қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексере алады.

Былтырдан бастап қаржы пирамидаларына қатысты 17 үкім шығарылды. Нәтижесінде 27 адам сотталды. Ұйымдастырушылардың мүлкі тәркіленіп, 5-6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу туралы шешімді сот қабылдайды. Ал осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады, - деді Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы Өмірсерік Тажмағанбетов.

Барлық жаңалықтар