00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Алдағы күндері қар жауып, көктайғақ болады

01.04.2023 | 00:19
Елорда ақпарат
8

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16-18 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Орталықта, республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронт әсерінен жауын-шашын, қар күтіледі.

16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, көктайғақ, қар, жел, тұман күтіледі.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Тек қана республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін.

Барлық жаңалықтар