00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстанда отыздан астам интернет-ресурс бұғатталды

31.03.2023 | 23:39
Елорда ақпарат
39

Қазақстанда отыздан астам интернет-ресурс бұғатталды, деп хабарлады Elorda.info ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.

Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация өнімнің қауіпсіз екенін растайды. Сертификатсыз өнім азаматтардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін.

Оны аккредиттелген сертификаттау органдары береді. Ал мұндай «делдалдық» қызметтерді аккредитациясыз жарнамалауға «Жарнама туралы» заңмен тікелей тыйым салынған. Сондықтан ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті осындай сайттарды үнемі бақылап, табылған жағдайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бұғаттау үшін жібереді, – деді комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Мұндай сайттар әдетте ЕАЭО-ға қатысушы көрші елдердің бірінде тіркелетін «сертификаттарды» жарнамалайды.

Өткен жылдың тамыз айынан бастап осындай 40 сайтты табылып, олардың 33-і бұғатталған. 

Барлық жаңалықтар