00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды – министр

31.03.2023 | 23:36
Сабина Кәкімжан
35

Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Маңғыстау облысы тәуекелі төмен аймаққа, Павлодар және Ұлытау облыстары орташа тәуекелді аймақтарға, ал еліміздің қалған өңірлері тәуекелі жоғары аймақтарға жатқызылды. Осы жылдың наурыз айынан бастап гидрологиялық болжам апта сайын ұсынылатын болады, - деді министр.

Гидрометеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» РМК су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулерді алдын ала 2-3 тәулік бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шаралар ұйымдастыру үшін жолдайтын болады.

Бүгінгі күні республиканың ірі су қоймаларында cу толтыру көлемі 60-75% құрайды. Ірі су қоймаларына ағын көлемі норма шегінде күтіледі. Жалпы, барлық су қоймаларында тасқын суды қабылдау үшін бос сыйымдылықтар қарастырылған. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрлік бірқатар іс-шаралар қабылдады. Атап айтқанда, жедел штаб құрылды, кезекшілік кестесі бекітілді, барлық ГТҚ-да тасқын суларды қауіпсіз өткізу бойынша қорлар бекітілді. Су пайдалану ГТҚ пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, - деді Зүлфия Сүлейменова.

Барлық жаңалықтар