00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ең арзан мобильді интернет қай елдерде

31.03.2023 | 23:06
Сабина Кәкімжан
38

Әлемде мобильді интернет ең арзан елдер белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Ranking.kz мәліметінше, былтыр 1 Гб мобильді байланыс деректерінің орташа құны бойынша 233 елдің ішіндегі ең арзан интернет Израильде  (0,04 доллар),  Италияда (0,12 доллар), Сан-Маринода (0,14 доллар), Фиджиде (0,15 доллар) және Үндістанда (0,17 доллар) болды.

Қазақстан да мобильді интернет ең арзан елдердің қатарында тұр. Елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны 0,37 долларды құрады.

Ресейде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны – 0,48 доллар, Германияда – 2,67 доллар, Португалияда – 3,67 доллар, Жапонияда – 3,85 доллар, АҚШ-та – 5,62 доллар.

Қазақстанда мобильді интернеттің құны жылдық динамикада төмендеген. Cable мәліметтеріне сүйенсек, 2021 жылы елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа бағасы жоғары болды: 0,59 доллар. 2019 және 2020 жылдары бұл көрсеткіш тиісінше 0,49 доллар мен 0,46 долларды құраған.

Бұл ретте сектордағы тарифтердің төмендеуі трафикті тұтыну мен мобильді интернет жылдамдығының артуы аясында орын алды. Ақпаратқа сәйкес, желтоқсан айының қорытындысы бойынша елде интернет жылдамдығы бір жылда 11,5%-ға өсті.

Барлық жаңалықтар