00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада 750-ден астам ұландық әскери ант қабылдады

31.03.2023 | 21:43
Сабина Кәкімжан
23

 «Үркер» тұрғын алабында орналасқан елордалық Ұлттық ұланның жедел бригадасының саптық алаңында әскери Ант қабылдауы салтанатты түрде өтті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның барлық өңірінен қызмет етуге келген жас толықтыруларға арналған салтанатты рәсімге 2000-ға жуық ата-ана мен туыстары келді.

Ұлттық ұлан қатарына қосылып, әскери Ант қабылдаған жас сарбаздарды 5573 әскери бөлімінің командирі полковник Аян Есжанов құттықтады.

Әскери Ант қабылдау - әрбір әскери бөлімнің өміріндегі айтулы оқиға. Жауынгерге арналған әскери Ант - бұл өмірдің бұзылмайтын Заңы, онда ешқандай шегініс жоқ. Ант қабылдай отырып, әрбір сарбаз әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарына төзуге міндеттеледі және олардың орындалуы әскери қызметті өткерудің мәні мен мақсатын құрайды, - деді Аян Әбдіғаниұлы.

Осыдан кейін жас жауынгерлердің жеке құрамы салтанатты шерумен өтті.

Айта кетейік, алдағы қызметте жас жауынгерлер Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, елорда тұрғындары мен қонақтарын құқыққа қарсы және өзге де қол сұғушылықтардан қорғай отырып, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етеді, осылайша құқықтық тәртіп әскерлерінің даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастырады. Көптеген жылдар бойы Ұлттық ұланның жауынгерлері елдің барлық ірі қалаларында қоғамдық тәртіпті лайықты қамтамасыз етіп келеді.

Барлық жаңалықтар