00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

31.03.2023 | 21:20
Елорда ақпарат
32

«Қазгидромет» РМК 24 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астана қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстікте, шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады.

Барлық жаңалықтар