00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қар жауып, боран соғады: 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

31.03.2023 | 21:01
Елорда ақпарат
10

Синоптиктер 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болмақ. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады.

Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстік, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -13...-15°С, күндіз -8...-10°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°С, күндіз -1...-3°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын желдің күші 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде -7...-9°С, күндіз +1...+3°С.

Барлық жаңалықтар