00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Ғалымдар жастар өліміне әкелетін, ең көп тараған ауру түрін атады

31.03.2023 | 20:59
Елорда ақпарат
22

Қытайдағы Харбин медициналық университетінің ғалымдары соңғы 30 жылда әлем бойынша жасөспірімдер жастар мен жасөспірімдер арасында 2 типті қант диабетімен сырқаттанушылар санының күрт өскенін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info gazeta.ru порталына сілтеме жасап. 

Ғалымдар 204 елден 15 пен 39 жас аралығындағы адамдарды қамтыған 2019 жылғы жаһандық ауруларды зерттеу деректерін пайдаланып, жүйелі талдау жүргізді. 

Зерттеушілер 1990 жылдан 2019 жылға дейін әлем бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында сырқаттану деңгейінің 100 мың халыққа шаққанда 117,22-ден 183,36-ға дейін айтарлықтай өсімі байқалғанын атап өтті. Бұл тұрғыда өлім-жітім көрсеткішінің өсімі 100 мың адамға шаққанда 0,74-тен 0,77-ге дейін өскен. 

Орташа әлеуметтік-демографиялық индексі бар елдерде аурушаңдық басым. Ал әлеуметтік-демографиялық индексі төмен елдерде аурушаңдық орташа деңгейден төмен. Алайда өлім көрсеткіші ең жоғары болды. 

Көрсеткіштер бойынша жалпы 2 типті қант диабетінен дене салмағы жоғары әсіресе әйелдер жиі ауырып, қайтыс болған. Дегенмен, семіздік ерлер үшін де қауіпті туындатты. Ауру факторлары әр елде әр түрлі. Бұл зерттеу биліктегілерге жастардағы қант диабетімен күресудің тиімді шараларын әзірлеуге белгі береді.

Барлық жаңалықтар