00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы

31.03.2023 | 20:57
Елорда ақпарат
10

«Қазгидромет» РМК ұсынған болжам бойынша, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, деп хабарлады Elorda.info.

Республиканың батысына, солтүстік-батысына, орталығына ауқымды антициклон әсер етеді, соның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады, - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Сондай-ақ болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жаяу бұрқасын болады, еліміздің солтүстік-батысына, оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына тұман түседі.

Астана қаласында түнде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауаның температурасы түнде -21-23°С, күндіз -15-17°С болады.

Алматы қаласында жауын-шашын жаумайды. 0-5 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -13-15°С, күндіз -8-10°С болады.

Шымкент қаласында жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -14-16°С, күндіз -1-3°С болады.

Барлық жаңалықтар