00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Балалы болудан бас тарту экологияға зор үлес болатыны рас па

31.03.2023 | 20:51
Айман Нығмет
41

Instagram-да пайдаланушылар ұрпақ өсіруден бас тарту арқылы Жерді сақтауға зор үлес қосуға болатындығы туралы ағылшын тіліндегі мақаланың суретімен бөлісуде, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Жарияланымда мұндай идеяларды насихаттай отырып, кейбір адамдар өздерінің жасырын жоспарларын жүзеге асырады делінген.

Фотосуреттегі мақала 2017 жылы жарық көрген және сол жылы жүргізілген зерттеу туралы. Онда дүниеге келген әр бала өмірінде қандай да болмасын жануарға немесе көлікке қарағанда көбірек СО2 бөліп шығарады делінген. Яғни, бала туу арқылы адамдар жаһандық жылынудың жойқын процестерін жеделдетеді.

Таратылған хабарлама манипулятивті болып табылады. Оған тіркелген мақала 2017 жылы ескірген және дұрыс жүргізілмеген зерттеу негізінде жазылған. Қазір балалардың дүниеге келуі Жер экологиясына әсер етпейтінін дәлелдейтін заманауи еңбектер бар.

Барлық жаңалықтар