00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстан бойынша 5G желісін қосуға қанша қаражат жұмсалмақ

31.03.2023 | 19:42
Елорда ақпарат
44

Бекітілген ұлттық жобаға сәйкес, 2023 жылы 5G желісі үш қаланы қамтиды. 2025 жылы мұндай қалалардың саны 14-ке дейін өседі, деп хабарлады Elorda.info LS-ке сілтеме жасап.

Цифрлық даму министрлігінің болжамынша, технологиялық бейтараптықты қолдану және 5G және 4G-ге көшу есебінен елді мекендер 2G/3G-ден кезең-кезеңімен бас тартады. Қала маңында интернет FWA арқылы таратылмақ.

2021-2025 жылдары 5G-мен қамту үшін барлығы 442 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл ретте барлық қаржыландыру бюджеттен тыс, яғни операторлардың есебінен жүзеге асырылады.

Оның ішінде 2023 және 2024 жылдарға 110,5 млрд теңгеден, 2025 жылға 221 млрд теңге жоспарланған.

Нәтижесінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының 15,7%-ы байланыс жабдықтарын жаңарта алады.

Қазақстанның өңірлерінде 5G үш жыл ішінде пайда болады. 

Барлық жаңалықтар