00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізде жаңа мерекелер пайда болуы мүмкін

31.03.2023 | 17:28
Елорда ақпарат
40

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.

Министрлік мынандай мереке күндерін белгілеуді ұсынды:

17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;

10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні;

11 қараша –Энергия үнемдеу күні.

Құжатта көрсетілгендей, Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнін тізімге енгізу кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай саласына жататынын сезінуге мүмкіндік беріп, корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді.

Құжат жобасы талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Барлық жаңалықтар