00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Жыл соңына дейін оқулықтар цифрлық форматқа көшіріледі – министр

31.03.2023 | 17:04
Елорда ақпарат
32

Жыл соңына дейін оқулықтар цифрлық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Білім беруді цифрландыру бойынша маңызды жобалардың бірі-оқулықтар портфелін цифрлық форматқа көшіру. Бүгінде қолда бар 670 оқулықтың  97 пайызы цифрлық форматқа көшірілді. Жыл соңына дейін 100 пайызды цифрлананады, – деді министр.

Министрдің айтуынша, ауылдағы мектептерге дейін интернет инфрақұрылымы толық жеткізілді.

Алайда, мектеп ішіндегі интернетті тарату желілердің болмауы нәтижесінде ауылдық мектептерде білім беру үдерісін цифрландыру төмен деңгейде болып отыр. Осыған орай, әкімдіктер тарапынан оқу процесіне интернетті 100% пайдалану мақсатында мектеп ішінде интернетті тарату желілерін қамтамасыз ету қажет, - деді Б.Мусин.

Сондай-ақ министр денсаулық саласына да тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтауды цифрландыру өте баяу жүріп жатқанын атап өткен болатын. Мұнда біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп eHealth электронды денсаулық сақтаудың жаңа архитектурасына көшу бойынша жұмыстар жүргізудеміз.Бұл азаматтардың ұлттық денсаулық паспортын қалыптастыруға мүмкіндік береді, онда азамат медициналық қызмет көрсету орнына қарамастан барлық диагноздарды, талдауларды және т.б. ақпаратты көре алады.Мұнда Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті қашықтан белсенді пайдалануға ынталандыратын тиісті құқықтық актілерді қабылдау қажет, - деді министр.

Барлық жаңалықтар