00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

300-ге жуық волонтер өрт шалған ауылдарды қоқыстан тазартып жатыр

31.03.2023 | 16:52
Елорда ақпарат
25

Әулиекөл ауданына республиканың түкпір-түкпірінен 300-ге тарта волонтер келді, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» жазуынша, қазір олар үйінділерді тазалап, ауылдарды қоқыстан арылтып жатыр. Бұдан бөлек олар әр үйге гуманитарлық жәрдемді теңдей үлестіруге көшкен. Соңғы үш күнде Аманат партиясы 1200 тоннадан астам азық-түлік, гигиена құралдары, тұрмыстық зат түріндегі жылу жинаған.

Нақты ауылды аймақтарға өтіп, азаматтардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, барынша сол көмекті азаматтарға үлестіріп, оның ішінде бұл жерде мектептерде орналасқан интернаттарда орналасқан ауылдар бар. Осыған қоса әлеуметтік аз қамтылған топтар да, барлығы бір ауыл өмір сүріп жатқаннан кейін бұл қайғы-қасіретті, бұл жапаны барлығы бірдей шегіп жатыр, - деді Amanat партиясы "Жастар Рухы" жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Қазір еліміздің 20 өңіріндегі партия филиалдары жанынан ашылған гуманитарлық көмекті қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр.

Осындай апат жағдайында бірікпегенде қай уақытта бірігеміз? Осы жерге келіп, барлығымыз жұдырықтай жұмылып, осындай жұмыс атқарып жатырмыз, - деді волонтер Райымбек Бақытжанов.

Барлық жаңалықтар