00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада «покер» ойынын ұйымдастырған азамат 7 жылға сотталуы мүмкін

31.03.2023 | 16:42
Елорда ақпарат
23

Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  департаменті заңсыз «Покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда тұрғыны заңсыз материалдық пайда табу мақсатында тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен заңсыз ойын мекемесін ашып, қолма-қол ақшаға фишкаларды сату және алу арқылы құмар ойынын өткізген. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл азамат 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп жазылған хабарламада.

Биыл агенттік 82 ойын мекемесінің қызметін тоқтатты. Олардың ішінде 4-і астыртын казино қызметі болған.

Ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулетка үстелдері, компьютерлер, ұялы телефондар сияқты 3 мыңға жуық зат, сондай-ақ 5 млн теңгеден астам сомаға қаражат түріндегі айғақтар тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар