Қазақстандық әскерилер «АрХО-2022» байқауында көш бастап тұр
![](/img/articles/uploads/62fc5b031edc4184586368_a3c8c3116a.jpg)
Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтіп жатқан «Тактикалық мерген» байқауының бірінші кезеңінде біздің атқыштар сәтті өнер көрсетті. «Біліктілік», «Жаралыларды эвакуациялау» және «Қорғаныс» жаттығуларында еліміздің әскери қызметшілері Өзбекстан мен Қытай командаларын артта қалдырды.
Жеке есепте қазақстандық жауынгерлерге тең келер ешкім болмады десе болады. Майор Арман Якубов үздік атанса, екінші орынды лейтенант Руслан Молдабаев, үшінші орынды капитан Дәулет Құлмаханов иеленді.
Жамбыл облысының «Гвардейск» полигонында өтіп жатқан «Артиллериядан оқ ату шеберлері» минаатқыш есептоптарының жарысында қазақстандық команда айқын жеңіске жетті. Бірінші кезеңнің жеке жарысында біздің артиллеристер барлық тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Көрсетіш уақыты – 15 минут 53 секунд. Екінші орындағы ресейлік әскери қызметшілердің нәтижесі –18 минут 17 секунд. Үшінші орынды иеленген Беларусь миноаатқыштарының нәтижесі – 22 минут 16 секунд.
Түнгі спринтте де 10 минут 33 секунд нәтижесімен Қазақстан үздік атанды. Мәреге екінші болып 14 минут 15 секундпен Әзербайжанның әскери қызметшілері келді. Ресейден келген артиллеристердің көрсеткіші – 16 минут 01 секунд.
Жеке жарыс пен түнгі спринтте жарысты командалардың екінші экипаждары жалғастыратын болады.
Ақмола облысындағы «Амандық» оқу-жаттығу полигонында «Меридиан» әскери топографтар конкурсына қатысушылар бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша атыс қаруынан атуды орындады. Бұл сайыста Өзбекстанның әскери қызметшілері көш бастап тұр. Екінші орында – Вьетнам үшінші орында – Қазақстан командалары. Алда – кәсіби дайындық кезеңдері. Мұнда біздің әскери қызметшілерге нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік бар.
Кабардино-Балкарияда өтіп жатқан «Эльбрус шеңбері» сайысында әскери альпинистер жасанды рельефте жеке өрмелеу жаттығуларын орындады. Жаттығу нәтижелері бойынша Қазақстан командасы Ресей, Өзбекстан, Үндістан және Қытай альпинистерінен кейінгі бесінші орынға жайғасты. Алда оларды таудағы ең күрделі және жауапты кезең күтіп тұр. Онда конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталатын болады.
![](/img/articles/c63f1d5c4e15629809909e2d148cb86f.jpeg)
![](/img/articles/ba85ebdcf2ebcc46c9c5d000e8bc6a1a.jpeg)
![](/img/articles/8b9ee800bc114d89d4f594ea158658c5.jpg)
![](/img/articles/4414468cdc01d4d0c4aa9d0c785f7a92.jpg)
![Елімізде «Найза-Антитеррор-2024» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы аяқталды](/img/articles/c63f1d5c4e15629809909e2d148cb86f.jpeg)
![Елордада TURAQTY JOL экологиялық акциясы ұйымдастырылды](/img/articles/ba85ebdcf2ebcc46c9c5d000e8bc6a1a.jpeg)
![«Тұмар-2024» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды](/img/articles/8b9ee800bc114d89d4f594ea158658c5.jpg)
![Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды](/img/articles/4414468cdc01d4d0c4aa9d0c785f7a92.jpg)
![Елордада пікірсайыс академиясының ашылуы өтті](/img/articles/7be41263418b0fd583740961c09f3a34.jpg)
![Қазақстан Париж Паралимпиадасына тағы екі квота алды](/img/articles/11607614e75cf4a8634c74b5c892dddd.jpg)
![Алматылық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады](/img/articles/30e89cbd8545971e130e709e7747f6e9.jpeg)
![Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамауға алынды](/img/articles/8313041783f64de3c516c187e542588d.jpeg)
![«Соңғы тексерістерден өттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы жайлы айтты](/img/articles/b7d2ea1aa79b3eff66fa9ec2200580eb.jpg)
![Азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылды](/img/articles/9ea83883600c4cfddb22fb64a541c9d7.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)