00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қытайдан Қазақстанға жеткізілетін алма қызыл түске бояла ма (ВИДЕО)

25.02.2023 | 12:54
Айман Нығмет
46

Видео скриншоты арқылы суреттерді кері іздеудің көмегімен роликтің осы жылдың басында Желіде кеңінен тарағанын анықтауға болады. Оны әр түрлі елдердің тұрғындары таратқан және онда Қытайда алмаларды шын болы көрінетіндей етіп бояйды деп жазылған.

Stopfake.kz мәліметінше, шын мәнінде роликтің бастапқы сипаттамасында видеодағы адамдар жалған алма емес, шоколад шығарып жатыр деп жазылған.
Осы аккаунттағы басқа видеода мұндай кәмпиттерді қалай жасайтыны көрсетілген. Кадрларда мұндай алманы шын жеміспен шатастырып алу үмкін еместігін, өйткені оның ішінде кішкентай драже барын байқауға болады. Сондай-ақ, видеода ақ шоколадты сыртынан қызыл бояумен бояп жатқаны көрсетілген.

Алма тәрізді кәмпиттер карамельдегі алма сияқты Қытайда Жаңа жыл немесе Әулие Валентин күнін атап өтуге арналған танымал десерт және дәстүрлі тағам болып есептеледі. Демек, Қытай Қазақстанға жасанды алма сататыны туралы ақпарат жалған. Бұл видееода жалған жемістер емес, дәстүрлі шоколад кәмпиттерін жасау процесі көрсетілген.

Барлық жаңалықтар