00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазгидромет 2021 жылдан бері сақталған деректерді қолжетімді етеді

25.02.2023 | 12:24
Айман Нығмет
45

Министрлік мәліметі бойынша, бұл кадастр алғаш рет әзірленді. Соңғы уақытқа дейін «Қазгидромет» РМК тек гидрологиялық кадастрды ғана құрды, бірақ көпжылдық бақылаулар бойынша деректер базасы сақталып, 100 жылдан астам жинақталды.

2022 жылдың күзіне дейін «Қазгидромет» РМК тәулік, ай, жыл және одан да көп уақыт ішінде өңделген ақпаратты ұсыну платформасын іске қосады.
Климаттық кадастрды пайдаланушылар, бұл ақпаратты ғылыми, техникалық және іздестіру мақсаттарында пайдалана алады.

Айта кетейік, мемлекеттік климаттық кадастр — метеорологиялық деректердің климаттық базасы негізінде қалыптасқан ауа температурасын, бұлттылықты, атмосфералық құбылыстарды, желдің бағыты мен жылдамдығын, жауын-шашын мөлшерін және атмосфераның басқа да сипаттамаларын қамтитын атмосфералық жағдайлардың жиынтығы туралы, метеорологиялық ақпаратқа негізделген жүйелендірілген деректер жиынтығы.

 

 

Барлық жаңалықтар