00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Ядролық апат кезінде элита жасырынатын ұшақ жасалды» (ВИДЕО)

25.02.2023 | 10:55
Айман Нығмет
31

Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл ұшақ дүниежүзілік соғыс немесе ядролық апат кезінде аспанда жасырыну үшін элита өкілдеріне арнайы жасалған. Бұл ақпаратты теріске шығарды.

Алдымен, аталған қонақ үй-ұшағының әлі жасалмағанын және оны әзірлеу жұмыстары қолға алынбағанын атап өткен жөн. Әуе кемесінің Желіде тараған видеосы – нақты түсірілім емес, бұл компьютерлік визуализация. Қонақ үй-ұшағын жасау идеясының авторы –Томи Холмстен, ал оның идеясының негізінде видео жасаған бейнепродюссер Хашем Аль-Галли.

Қонақ үй-ұшағының тұжырымдамасында оның қазіргі круиз кемелер сияқты демалу мен көңіл көтеруге арналатындығы көрсетілген. Кемеде мейрамханалар мен ойын-сауық аймақтарынан бастап, заманауи медициналық пункт пен үйлену залына дейін бар, онда сәнді және жайлы демалуға қажеттінің бәрі бар.
Бортқа жолаушыларды, персоналды және азық-түлікті жай ұшақтар жеткізетін болады.
Ұшақтың ұзақ уақытқа жететін азық-түлік қорына арналған бункерлермен немесе қоймалармен жабдықталғандығы туралы жобада жазылмаған.
Мұндай ұшақ ядролық апаттан немесе соғыстан жасырыну үшін қажет болады деп болжауға негіз жоқ.
 

Барлық жаңалықтар