00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Топас болсаң, саған Гарвард та көмектеспейді» – Жансұлтан Сапарбаев (ВИДЕО)

25.02.2023 | 09:35
Аяулым Алтынбек
32

- Белгілі саясаткердің ұлы бола тұра мемлекеттік құрылымда жұмыс істеу қалай екен?

- Бала кезімнен осындай әкем басқарған отбасында өмір сүріп келемін.  Әрине, маған деген сұраныс пен талап әрқашан жоғары болды. Өйткені қашан да қоғамның жіті назарында жүресің. Әр қадамыңды аңдап басасың. Қатардағы қарапайым бала болсам, мұншалықты қиын болмас еді», - деді басқарма басшысы.

– Мектеп бітірген соң шетелдік университетке бармай, неге отандық оқу орнына түстіңіз?

– Мен мектепті елордада бітірдім. Одан әрі білім алу мәселесі туралы сөз болғанда, әкем маған: «Балам, топас болсаң, Гарвард та саған көмектеспейді. Ал басыңда ми болса, кез келген жерде оқи аласың» деді. Сондықтан таңдауым Еуразия ұлттық университетіне түсті. Ал мен бұған мүлдем өкінбеймін.    

Осы сұқбатқа дайындалу кезінде, сіз туралы ақпарат іздедік. Сіз қоғам назарынан тыс жүретін адам сияқтысыз. Солай ма?

Мен өзінің атқарған жұмыстары туралы айқайлап айтатын немесе жазатын адамдар қатарынан емеспін. Көбінесе өз міндеттерімді атқаруға тырысамын.

Барлық жаңалықтар