00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада бала күтуші зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті

25.02.2023 | 08:47
Елорда ақпарат
34

Деректерге сәйкес, күдікті екі ай бойы арызданушылардың отбасында күтуші болып жұмыс істеген. Ол өз міндеттерін атқарып жүріп, жатын бөлмедегі шкафтан алтын бұйымның жиынтығын көрген. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, күтуші жалпы құны 700 мың теңге тұратын неке сақинасын, балаларға арналған алтын алқаны, кулонды және әйелдерге арналған үш алтын алқаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген.

Аталған дерекке байланысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады.
 

Барлық жаңалықтар