00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Атырауда VIP нөмірлер жалған түбіртекпен сатылған

25.02.2023 | 07:13
Елорда ақпарат
33

Көлік иелерінің VIP нөмірлерге сұранысы артып отыр. Алайда, осындай нөмірлерді сатып алу кезінде жалған түбіртекті қолданатындар бар.

Атырау қалалық прокуратурасы VIP нөмірлерді жалған түбіртекпен сатып алғандарды анықтады.

Сатып алынған нөмірлердің сомасын бюджетке нақты түсіммен салыстырып тексеру кезінде 5 млн теңгеден астам қаражаттың түспегені белгілі болды. VIP нөмірлерді сатып алушылар төлем жасарда жалған түбіректерді қолданып, мемлекетке залал келтірген. Қазір Атырау қалалық прокуратурасы аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен, 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар