00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Самса сататын дүңгіршекте жүрген егеуқұйрық жұртты шошытты (ВИДЕО)

25.02.2023 | 06:21
Елорда ақпарат
27

«Ақ Жайық» басылымы жазғандай, жақында қала тұрғыны «Дина» базарына кірер тұстағы самса сататын дүңгіршіктің бірінде тамақ әзірлейтін үстелдің үстінде үлкен егеуқұйрық кезіп жүрген бейнежазбаны әлеуметтік желіге таратқан.

Кадр сыртындағы дауыс: «Бұл – «Дина» базарындағы мен көрген жағдай. Көшеден тамақ алғанда сақ болыңыздар», - дейді.  

Бейнежазбада егеуқұйрықтың қысқа толқынды пешті иіскелеп, самаурынның шүмегін жалап, су ішіп тұрғанын анық көруге болады. Бейнежазба бойынша Атырау қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы түсінік берді.

Орын алған жағдайға байланысты біздің басқармаға Атырау қаласы прокуратурасынан әкімшілік шара қолдану туралы хат келіп түсті. Біз аталған орынға барып жағдайды анықтадық. Ішінде екі азамат жөндеу жұмыстары жүріп жатқан екен. Сондықтан иесін анықтау үшін қалалық әкімдікке хат жолданды. Иесіне санитариялық талаптарды бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша шара қолданылады, - деп хабарлады Атырау қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшының орынбасары Мұрат Хамзин.

Бұл бап бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 310, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын атап өткен жөн.

Барлық жаңалықтар