00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Іздеу

Бюрократияға теріс ықпалын тигізетін заңдарға сараптама жүргізу керек – Төлеген Қуанышев

25.02.2023 | 04:43
Елорда ақпарат
46

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы қол қойған Жарлығын мен толығымен қолдаймын. Бұл Жарлықты жүзеге асыру оңайға түспейтіндігін атап өткім келеді. Себебі бюрократиялық жүйелер біздің мемлекетіміздегі қолданыстағы заңдармен тығыз байланыста. Сол себепті бюрократияға орасан зор теріс ықпалын тигізетін заңдарға сараптама жүргізіп, айқындалған кедергілерді заң шеңберінде реттегеніміз дұрыс болады. Жарлықтағы бюрократиялық тығырықтан шығу жолдардың бірі – ол электрондық жүйелерді кеңінен қолдану қажеттігі туралы бапты дұрыс деп есептеймін. Бүгінге дейін Egov.kz платформасының тиімді жұмыс істеп жатқанының куәсі болып келеміз. Кейбір маңызды әлеуметтік-экономикалық салалар мұндай жолға көше алмай жатыр. Осы салаларды дамытуға күшімізді, қаржымызды аямай жұмсауымыз керек. Сонда ғана Жарлықтағы көздеген мақсатымызға жететініміз анық, - деді Төлеген Қуанышев.

Барлық жаңалықтар