00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Адам аптасына бес грамм пластик жұтады – зерттеу

25.02.2023 | 04:36
Елорда ақпарат
40

Наурыз айының соңында ғалымдар зерттеу жүргізіп, адамдардың апта сайын бес грамм микро және нанопластик жұтатынын анықтады. Қоқысқа тасталған пластик микро және нанобөлешктерге бөлініп, олар су мен топыраққа түседі. Микро және нанопластик қалдықтары ас-ауқатқа теңіз тағамдары, жемістер мен көкөністер арқылы енеді.

Вена медициналық университетінің ғалымдар тобы өз есебінде микропластик микробиоманың өзгеруіне алып келетінін мәлімдеді. Семіздік, бауыр аурулары, диабет секілді метаболикалық бұзылыстардың туындайтыны сондықтан.

Пластик бөлшектері адам ағзасына пластик бөтелкелер арқылы да түседі. Күніне жарты литрден бастап екі литрге дейін бөтелкедегі су ішетін адамдар жылына 90 мың пластик бөлшегін жұтады. 

Өзіңді барынша қорғау үшін ғалымдар тамақты микротолқынды пешке ысытарда пластик контейнерге емес, керамикалық ыдысқа салуға кеңес береді. Сондай-ақ пакеттелген шайдан да бас тартқан дұрыс. Үйді жиі желдетіп, синтетикалық мата, пластик ыдыстар мен қаптамаларды сирек пайдаланған жөн.

Барлық жаңалықтар