00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Ең қауіпті смартфондар белгілі болды

25.02.2023 | 04:23
Елорда ақпарат
33

Зерттеу авторларының айтуынша, АҚШ-тың байланыс жөніндегі федералды комиссиясы (FCC) максималды SAR (салыстырмалы жұту коэффициенті) деңгейін белгіледі. Сарапшылар талдау жүргізіп, нарықтағы смартфондардың көпшілігі бұл көрсеткіштен асып түсетінін анықтады. Ең қауіптісі болып Motorola Edge смартфоны танылды, оның SAR көрсеткіші бір келіге 1,79 ваттан келеді.

Екінші және үшінші орындарда ZTE Axon 11 5G және OnePlus 6T смартфондары тұр, олардың SAR көрсеткіштері 1,59 және 1,55 ватты құрады. Қауіпті ондыққа Sony, Google және Oppo смартфондары да кірді. 

Алайда, FCC өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда смартфон бөлетін сәулелердің денсаулыққа зиянды әсері туралы сенімді ғылыми дәлелдер әзірге жоқ.

Барлық жаңалықтар