00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Қазақстанның 9 өңірінде әскери оқу-жаттығу өтіп жатыр

25.02.2023 | 04:06
Елорда ақпарат
66

Бұл оқу-жаттығу биылғы жылдың 16 сәуіріне дейін жалғасады.

Қарулы күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың дағдарысты жағдайды бейтараптандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдары пысықталды.

Өңірлерде әскери бөлімшелер жауынгерлік техникамен белгіленген аудандарға марш жасап, онда жоспарланған тапсырмаларды орындайды. Атап айтсақ, бұлар терроризмге қарсы операцияларды жүргізу, мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, босқындар лагерлерін ашу.

Одан өзге де, Қарулы күштердің құрамалары мен бөлімдері полигондарда түрлі жауынгерлік іс-қимылда, оның ішінде арнайы операция барысында оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтайтын болады.

«Батыл тойтарыс – 2022» ведомствоаралық кешенді стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында өтіп жатыр.

Шараға Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамалары мен бөлімдері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылған.

Барлық жаңалықтар