00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстанда есірткі сатқан 440 сайт анықталды

25.02.2023 | 03:24
Елорда ақпарат
27

Оның айтуынша, интернетте есірткі сату дерегін анықтау үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі іске қосылған.

Жыл басынан бері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 440 интернет-ресурс, оның ішінде 150-ден аса Telegram-канал анықталып, бұғаттауға жіберілді, – деді Бақытжан Әмірханов.

Сондай-ақ ол биыл елдегі танымал порталдардың бірінде 50-ден аса хабарландыру алынып тасталғанын атап өтті. Ондағы жұмыс курьер деп жазылғанымен жұмыс іздеген адамға есірткі тасымалдау ұсынылған.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда Ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтаған. Оның ішінде 248 дерек есірткі сату, 85 дерек аса ірі көлемде есірткі сақтаумен байланысты.

Жыл басынан бері 7 есірткі зертханасы жойылды. Барлығы 422 келі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 196 келі гашиши, 213 келі марихуана, шамамен 40 келі синтетикалық есірткі бар, – деді басқарма басшысы.

Барлық жаңалықтар