00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада «Ең ғажайып шана» атты байқау өтті

25.02.2023 | 01:32
Елорда ақпарат
50

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты, Алматы ауданының әкімдігі 5 жаспен 7 жас аралығындағы  балаларға арнап «Ең ғажайып шана» байқауын ұйымдастырды. Отбасылық байқау болғандықтан, балалар да, ата-аналар да қатысады. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты - отбасылық құндылықтарды сақтау, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сондай - ақ Алматы ауданында қандай қысқы спорт түрлерімен айналысуға болатындығын көрсеткіміз келді, - деді шара ұйымдастырушылары.

Айта кетсек, байқау туралы аудан әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды. Қатысуға өтінімдер 15-23 ақпан аралығында қабылданды.

Эстафетаға қатысушы аналардың бірі шараның жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

Мұндай байқауға алғаш рет қатысып жатырмыз. Жеңіске жетеміз деп үміттенемін. Байқау алдында ұлыммен сөйлесіп, қатысуға шешім қабылдадық. Мұндай іс - шаралар отбасындағы бірлікті нығайтып, балаға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді", - деді шараға қатысушы Мақпал Ақылбекова.

Эстафетаның қорытындысы бойынша «Ең ғажайып шана», «Ең жылдам шана», «Ең ұйымшыл отбасы» номинациялары беріледі. Номинанттарға арнайы сыйлықтар – іс - шара демеушілерінен сертификаттар тапсырылады. Сондай-ақ барлық қатысушыларға аудан әкімдігінен грамоталар мен сыйлықтар табыс етіледі.

Барлық жаңалықтар