00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Илон Маск қайырымдылық жасау арқылы салықтан босатылуы мүмкін

25.02.2023 | 00:30
Елорда ақпарат
29

АҚШ-тың бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы ұсынған деректер бойынша, Илон Маск былтырғы қарашада Tesla-ның 5 млн-нан аса акциясын қайырымдылыққа жұмсаған.

Акцияларды қайырымдылыққа алған ұйымның атауы құпия қалып отыр. Tesla 19-20 қараша күндері бірнеше транш жүргізген. Reuters-тің жазуынша, қайырымдылықтың жалпы сомасы 5,7 млрд долларды құрайды.

Осының арқасында Маск айтарлықтай салықтық жеңілдіктерге ие болады, – деді Саяси зерттеулер институтының ғылыми қызметкері және салық саясаты жөніндегі маман Боб Лорд.

Оның ойынша, Илон Маск Калифорниядағы табысы бойынша шегерісті пайдаланып, акцияны сатқан кезде төлеуі керек табыс салығынан босауы мүмкін. Мұндай жағдайда ол салық бойынша 40%-дан 50%-ға дейін үнемдеуі мүмкін. 

Былтырғы 20 желтоқсан күні Маск Twitter-дегі парақшасында 2021 жылы 11 млрд доллардан аса салық төлегелі жатқанын, ал 22 желтоқсан күні салық төлеу үшін біраз акциясын сатып жібергенін жазған болатын.

Барлық жаңалықтар