00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

2023 жылдан бастап үй жануарлары есепке алынады

25.02.2023 | 00:09
Елорда ақпарат
37

Заң ережелерін іске асыру үшін қазіргі уақытта біздің министрлік қоғам талқысынан және құзыретті мемлекеттік органдармен келісу рәсімдерінен өтетін нормативтік-құқықтық акт жобаларын әзірледі, деді вице-министр.

Әлия Шалабекова үй жануарларына асырауды реттеуге бағытталған НҚА жобаларын түсіндіріп берді. 

үй жануарларын ұстау мен серуендетудің типтік ережелері;

үй жануарларын есепке алу ережелері;

жануарларды тасымалдау ережелері;

есепке алынатын үй жануарларының тізбесі;

тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімі;

жануар иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін үй жануарларының тізімі.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жануарлардың иелері үй жануарларын тіркеуі керек. Есепке алудың егжей-тегжейлі тәртібі тиісті ережелерде айқындалады. Есепке алу иелердің есебінен жүзеге асырылатынына назар аударған жөн. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға бұл рәсімді мемлекет төлейді, деп түсіндірді Экология министрлігі өкілі ОКҚ-да.

Сондай-ақ иттердің өз бетімен жүруіне заңмен тыйым салынады.

2021 жылы 30 желтоқсанда Президент биылдың 2 наурызынан бастап күшіне енетін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойған болатын.  

 

Барлық жаңалықтар