00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Көлігін мас адамға айдауға берген әйелге 428 мың теңге айыппұл салынды

24.02.2023 | 23:50
Елорда ақпарат
28

Белгілі болғандай, аталған көліктің иесі  40 жастағы әйел болып шықты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік иесіне автокөлікті мас адамға басқаруға бергені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабының 8-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен оған 428 820 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды

Патрульдік полиция қызметкерлері 7 ақпанда сағат 04:30 шамасында Атырау қаласындағы Берғалиев-Шоқай көшелерінің қиылысында «ВАЗ – 2115» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде рульде отырған 1992 жылғы жігіттің көлік жүргізу құқығы жоқ екені анықталды. Медициналық сараптама қорытындысымен оның жеңіл дәрежелі мас күйде екені белгілі болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабының 6-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар