00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстанда қанша қасқыр бар

24.02.2023 | 23:46
Елорда ақпарат
53

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, былтыр елімізде шамамен 15 мың дарақ қасқыр бары анықталған. Оларды алудың ғылыми ұсыным лимиті республика бойынша 4 824 бас. Көрсетілген шектеу өңірлерге бөлінеді.

Қасқыр Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралған. Қасқыр популяциясының тығыздығы мекендейтін аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты. 

Шетелдік және отандық ғалымдардың, жалпы белгілі биологиялық зерттеулері бойынша қасқыр тұяқты жануарлармен қоректенеді.

Орташа алғанда бір қасқыр жылына 10-ға жуық тұяқтыларды жейді. Кем дегенде 5-6 дарақтан тұратын бір үйір қасқыр тұяқты жануарлардың, оның ішінде сирек кездесетін түрлерінің өсуіне байланысты реттеуші функцияның динамикасына тікелей әсер ететіні анық.

Сонымен қатар көптеген ғалымдар қасқырларды синантропты деп аталатын жануарлар түріне жатқызады. Яғни, адамның іс-әрекетіне бейімделіп отырады.

Бұл мәлімдеме, ең алдымен, қасқырдың эволюциясымен, сондай-ақ мал шаруашылығының, белсенді дамуымен байланысты.

Ғалымдардың пікірінше, Қазақстанда сондай-ақ мал шаруашылығы дамыған елдерде қасқырлар рационының кемінде 40%-ын ауыл шаруашылығындағы үй жануарлары да қамтуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында қасқырдың күрт жойылып кетуі жайындағы пікірлердің де мүлде шындыққа жанаспайтынын атап өткіміз келеді.

Бұл аймақта қасқыр санының төмендігі мал шаруашылығының белсенді дамуымен байланысты. Сондай ақ облыс аумағының басым бөлігін егістік жерлер алып жатыр. Дегенмен, елік сынды тұяқты жануарлар үшін жем-шөп базасы жеткілікті.

Қасқыр табиғатынан ақылды, ұйымдастыру сезімі жоғар жыртқыш. Аңдар мен үй жануарларын өте жақсы ажыратады. Жабайы аңдарға шабулдаудан гөрі үй жануарларын олжалау оңай екенін түсінеді.

Қасқырлардың санына келетін болсақ, қазіргі уақытта аумаққа қатысты оңтайлы санының жалпы қабылданған стандарты жоқ. Сондай-ақ оны алудың оңтайлы нормативтері де жоқтың қасы. Қасқыр популяциясын басқару бойынша шешімдер оның мекендейтін жердің белгілі бір аймағының әртүрлі климаттық-географиялық, экологиялық және басқа да ерекшеліктеріне байланысты шығарылады.

 Мәселен, Ресей Федерациясының 17,1 млн шаршы шақырымды құрайтын ауданында қасқырлардың саны 65-70 мың дараққа жуық. 

Қазақстанда қасқырдың саны аңшылық шаруашылық субъектілерінен, сондай-ақ табиғаттты қорғау мекемелерінде жиналған мәліметтер негізінде анықталады.

 Содан кейін бұл мәліметтерді ғылыми ұйым өңдеп, халыққа зиян келтірмейтін шекті санын анықтайды.

Ғылыми мекеме осы дерек көздері негізінде қасқырды алу лимитіне шекті рұқсат еткенімен, ол таралымға әсер етпейді.

Қазіргі кезде, қасқыр бойынша қандайда бір көп жылдық және шағын бағытталған ғылыми зерттеулер, мемлекеттік тапсырыс есебінен жүргізілмеген. 

Соңғы бес жылда, қасқырлардың саны салыстырмалы тұрақтылықты, яғни 13-18 мың басты көрсетіп тұр. Бұл биологиялық стандарттар бойынша жануарлардың ұқсас түрлеріне қатысты қалыпты көрсеткіш болып табылады.

Қасқыр популяциясын реттеу – мемлекеттік қызмет. Тиісті рұқсаттарды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары электронды түрде, egov.kz порталы арқылы қатаң түрде бөлінген лимиттік шектерде береді. Қасқыр таралымының реттелуіне байланысты, жойылу қаупі бар екендігі туралы таралған пікірді дұрыс емес деп айтуға болады, - дейді ведомствода. 

Қасқырларды таулы аймақтарда аулауды айтпағанда, қарда жүретін көліктердің көмегімен ұстаудың өзі қиынға соғатын түрлерге жатады. 

Осылайша, Қазақстанда қасқыр саны тұрақты және оны реттеу шектеулі түрде жүзеге асырылады.

Қасқыр популяциясының сыни тұрғыдағы жағдайы туралы немесе қасқырды сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар санатына ауыстыру туралы әртүрлі мәлімдемелер асығыс және арнайы ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Бұл жұмыстарды жүргізу мәселесін кейіннен ғылыми ұйымдар талқылап, пысықтайды. 

Барлық жаңалықтар