00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Долларды Грузияға заңсыз әкетпек болған қазақстандық ұсталды

24.02.2023 | 22:56
Елорда ақпарат
33

Қазақстандық азамат Ақтаудан Грузияға декларацияланбаған 15 мыңнан аса долларды заңсыз алып кетпек болған. Ер адам қамауға алынды. Материалдар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылған.

Мән-жайды анықтау барысында ұсталған азамат Қазақстаннан Грузияға бара жатқаны анықталды. 15 650 АҚШ доллары сомасындағы декларацияланбаған валютаны әкету әрекеті анықталды, - деді Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдері.

Барлық жаңалықтар