00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Таразда арық ішінен қару-жарақ табылды

24.02.2023 | 22:28
Елорда ақпарат
37

Тараз қаласы аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның барысында полиция қызметкерлері биыл 23 қаңтарда қаладағы арықтардың бірінен қапқа оралған арнайы құралдар мен тегіс саңылаулы «Эскорт» атыс қаруын тапты. Қаруға арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тараз қалалық Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

 

Барлық жаңалықтар