00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Асқар Мамин ревакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды

24.02.2023 | 20:00
Елорда ақпарат
30

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін баяндады. Күн сайын тіркелетін коронавируспен ауырғандар саны көбейіп жатқан жоқ. Инфекциялық төсек-орындар 23%, реанимациялық төсектер 20% толы.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша көптеген өңірлер (11) және жалпы Қазақстан Республикасы «жасыл аймақта» тұр. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары аймақта» орналасқан.

Бүгінгі таңда 8,8 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың 78%-ы, сондай-ақ 8,3 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 73%-ы екінші компонентін алды.

Үкімет басшысы маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты одан әрі сақтауды және вакциналау мен ревакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды.

Барлық жаңалықтар