00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Фейк: «Pfizer вакцинасының бағасы – 50 000 теңге»

24.02.2023 | 19:45
Елорда ақпарат
30

Хабарлама авторы вакцинаның бағасын Алматы қалалық №4 емханадан білген екен. Алайда емхананың өзінде бұл ақпаратты жалған деп атады.

“Бүгінгі таңда №4 қалалық емханада Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу жүргізілуде. Вакцинаның құны әлі белгісіз. №4 қалалық емхана дәрігерлеріне вакцинация құны туралы нұсқаулар берілген жоқ”, – деп хабарлады мекемедегілер.

Сондай-ақ, олар 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer/BioNTech препаратымен тегін егіле алатындығын еске салды.

Демек, 50 000 теңге тұратын вакцинаның құны туралы ақпарат – фейк. Бүгінгі таңда оның бағасы әлі жарияланған жоқ.

Барлық жаңалықтар