00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстандықтар IT-машықтарды жетілдіруге арналған тегін курстан өте алады

24.02.2023 | 19:35
Елорда ақпарат
41

Талап білдірген кез келген қазақстандық тұрғын өзіне ұнайтын мамандықты – мейлі графикалық дизайнерден бастап жоба менеджеріне дейін – меңгеріп, аталмыш бағдарлама бойынша кәсіби сертификат ала алады.

Бағдардама аясында қатысушылар LinkedIn Learning және Microsoft Learn ұйымдастырған вебинарлар мен онлайн-курстардан өтіп, меңгерген білімін GitHub зертханасында пайдалана алады.

Жекелеген машықтардан бөлек, дата-сарапшы, графикалық дизайнер, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші, қаржы сарапшысы, диджитал маркетолог, ІТ-әкімші немесе жоба менеджері секілді жаңа мамандықтарға арналған қосымша білім үйренеді.

Бағдарламаға қатысқысы келетін адамның бұрынғы жұмыс тәжірибесіне немесе жасына байланысты ешқандай шектеу қойылмайды. 

Бағдарламаға мына сілтеме арқылы жазылуға болады. 

Барлық жаңалықтар