00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Тедрос Адханом Гебрейесус құда Жүрсін Ерманды құттықтады (ВИДЕО)

24.02.2023 | 19:31
Елорда ақпарат
45

«Құрметті Жүрсін құда, мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор, ғұмырыңыз ұзақ, құдалығымыз мәңгілік болсын!» – дейді видеода Тедрос Адханом Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының Жүрсін Ерманға «Құрметті құда» деуінің себебі, ақынның жиені Тедрос Гебрейесустің ұлына тұрмысқа шыққан.

«Менің бір жиенім Тедрос Гебрейесустің ұлына тұрмысқа шыққан. Өзім жиен қызым деймін, кіші қызымның қызы ғой енді. Қазір ол жиенім Женевада тұрады. Тедрос Гебрейесуске менің өлеңімді жаттатқызып, қазақша үйретіп жүрген сол жиен қызым ғой», – деді Жүрсін Ерман.

Тедрос Гебрейесус – 2017 жылдан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. 2012-2016 жылдары Эфиопияның Денсаулық сақтау министрі болған.

Айта кетейік, Жүрсін Ерман 2 желтоқсанда 70 жасқа толды.

Барлық жаңалықтар