00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 11 медаль еншіледі

24.02.2023 | 18:11
Елорда ақпарат
26

Ұлттық құраманың қоржынында 2 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль бар.

Атап айтқанда, Әл-Ферғани атындағы бірінші олимпиада 8-13 қараша аралығында ұйымдастырылған еді. Зияткерлік байқауға Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Румыния және тағы басқа 18 елден елден 130-ға жуық оқушы қатысты.

Олимпиада екі кезең бойынша өтті. Біріншісі кезеңде жазбаша, екіншісінде практикалық жұмыстар қаралды.

Жеңімпаздардың қатарында алтын медаль – Әлішер Еркебаев, Нұрдәулет Назарбай, күміс медаль – Даниил Шатохин, Оразхан Хайдар, Дінмұхаммед Сапыбек, Ердәулет Нахып, Бернар Шамгонов, Диас Еспан, қола медаль иегерлері – Бексұлтан Шәріп, Асқар Қасымов, Нұржан Хасенов бар. Оқушылар олимпиададағы жеңістерін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр.

«Олимпиададағы бәсекелестік өте жоғары болды. Өйткені қатысушылардың басым бөлігі физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPhO) рейтингінде алдыңғы қатарда. Біздің балалар тамаша нәтижелер көрсетіп, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты көрсете білді. Қазір Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» орталығы оқушыларымыздың халықаралық олимпиадаларға қатысуына жағдай жасау үшін әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларды өткізу бойынша жұмыс істеп жатыр», - деді БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Барлық жаңалықтар