00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Комитет өкілдері қылмыстық топ құрған

24.02.2023 | 18:02
Елорда ақпарат
33

Қазір аталған іске қатысты 30 адам анықталып отыр. Инспекцияның бұрынғы бастығы сот шешімімен қамауға алынған. Автокөліктің техникалық тексеру құжаттары жалған аты-жөндер арқылы жүргізіліпті.

Олар республика бойынша 28 заңсыз фирма ашқан. Тексеру кезінде ол жерлерде техникалық байқау жүргізетін бірде-бір ғимарат, тіпті тиісті мамандар болмай шықты. Ұйымдасқан топ 2017 жылдан бері 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған. Сол арқылы 500 миллион теңгеден астам пайда тапқан.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Агенттік алаяқтардың жасаған құжаттарын пайдаланып жүргендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Барлық жаңалықтар