00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстанда Илон Масктың интернетке арналған станциялары салынады

24.02.2023 | 17:19
Елорда ақпарат
32

"Starlink мамандары "Транстелеком" магистральдық желілер мен деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желілері) техникалық мүмкіндіктерін талдап, олардың Starlink қажеттіліктеріне сай келетінін растады. Қазір Starlink-тен Қазақстанға жабдықтарды импорттау бойынша жұмыстар жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Starlink – бұл Илон Маск басқаратын SpaceX компаниясының интернет жоқ аймақтарда желілерге жоғары жылдамдықпен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жүзеге асыратын ғаламдық спутниктік жүйе. Жобаны әзірлеу 2015 жылы басталды. TINTIN тесттік прототиптері 2018 жылдың 22 ақпанында іске қосылды. 2019 жылдың мамыр айында 60 прототиптік спутниктің бірінші тобы жұмысын бастады. SpaceX 2020 жылы АҚШ-тың солтүстігінде және Канадада коммерциялық интернет қызметін ұсына бастады. 2021 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Starlink бета-тестерлерінің саны әлемнің 14 елінде 100 000-ға жетті. Жобаны іске асыру үшін инвестициялардың жалпы сомасы $10 млрд бағаланады. 

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Қазақстанда Starlink жаһандық спутниктік жүйесінің станциясы орналастырылуы мүмкін екені жайлы ақпарат тараған болатын. Ол қымбат немесе интернетке мүлде қосылмаған елді-мекендерді жоғары жылдамдықтағы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, наурыз айының соңынан бастап Илона Масктың SpaceX компаниясымен келіссөздер жүріп жатыр. 

Барлық жаңалықтар